Дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлардың генезисі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДаҒдарысты және қақтығысты саяси жағдайлардың генезисі. Генезис туралы мәселедегі, ескеретін нәрсе, дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлар әлеуметтік-практикалық процестің элементі бола отырып, объективті және субъективті негіздерге, бастауларға, себептерге ие болады. Саясаттанулық сараптаманың күрделілігінің өзі сонда, олар шынайы әлеуметтік-саяси процесте объективті тұрғыдан да, субъективті тұрғыдан да бөлінбеген, органикалық өзара байланыста өзара ендіріледі, оған «құйманың» бір элементі ретінде кіреді. Нәтижесінде, оларды шектеу, айқындау мен анықтау шынайы қызмет етуші әлеуметтік-саяси құбылысты айтарлықтай формализациялаудың негізінде ғана мүмкін болады.
Алайда дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайларды қарастырудың бастапқы, үстіртін тәсілінің өзінде, ең алдымен, субъективті себептер, бастаулар, негіздер көрініс табады. Өйткені, зерттелініп отырған жағдайдың субъектіден, оның шығармашылық қабілеттілігінен, потенциалынан тәуелділігі — белгілі дәрежеде анық, себебі субъект ғана әлеуметтік-саяси процестегі шынайы бояуды, адамдар өмірінде тікелей көрінетін проблемалардың варианттылығын құрады. Сондықтан бұқара халықтың санасы қоғамдық өмірге бояу берген, мемлекеттің саясатын анықтаған, әлеуметтік-саяси дамудың тенденциясын бейнелеген қандай да бір қайраткердің қызметіне байланысты тарихтың бір бөлігін соған таңады. Бұл — саяси қайраткердің тұлғалық "үлесі".
Алайда, саяси қатынастардың субъектілері адамдардың қауымдастығы ретіндегі халық, мәдени-этникалық ұйым ретіндегі, этнос, таптар, әлеуметтік топтар, саяси элита болып табылады. Олардың барлығы субъект ретінде әрекет етіп, әлеуметтік-практикалық процеске субъектілік пен субъективтілік элементін қосады. Олар процестің өзіндік бітімінде, шынайы проблемалардың ерекшеліктерінде бейнеленеді, олармен адамдар күнделікті өмірде, үстемдік ету тәсілдерінде, оларды шешудің формалары мен құралдарында ұшырасады. Әрине, осы ретте халықтың, этностың, таптың, әлеуметтік топтың, саяси элитаның әлеуметтік-саяси процеске қосатын объективті үлесі, тұлғалыққа қарағанда әлдеқайда салмақты. Дегенмен, бір мезгілде олар бір реттіліктің мәні, яғни субъектілер болып табылатындығын ескеру қажет. Олардың қайсысының болмасын қызметін дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлардың субъективтік негізі, себептері мен бастаулары ретінде түсінуге болады.
Қоғам адамдардың қайшылықты ассоциациясын, объективті даму жолындағы нақтылықтың, көптүрліліктің бірлігін көрсетеді. Онда әр түрлі этностардың, таптардың, әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, этникалық топтардың, индивидтердің экономикалық, саяси және рухани мүдделерінің өзара әрекеттесуі өтеді. Осынау мүдделердің барлығының түйісуі белгілі бір саяси күш салуды талап етеді және қоғамның басқару, биліктік функцияларының мазмұнын құрайды.
Осы негізде, белгілі болғандай, қоғамда оның маңызды жағы саяси шынайылық қалыптасады және қызмет етеді. Дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлар — саяси шынайылықтың аса маңызды, сипатты элементтері. Сондықтан, олардың пайда болуының негізі, бастаулары мен дамуы, себептері — саяси шынайылықтың өзінде объективті түрде негізделінеді, одан таралады. Осы орайда, неліктен саяси шынайылық дағдарысты және қақтығысты болады — деген сұрақ туады. Әңгіме, ең алдымен, тарихтың, өркениеттің қалыптасуының ерекшелігінде. Ұзақ уақыттар бойы оның дамуының базалық әлеуметтік негізі адамның адамды қанауы болып келді, және осы әлеуметтік субъектілердің мүдделерінің қарама-қарсылығын туғызады. Мәселен, мемлекеттер арасындағы соғыстар, діни, азаматтық соғыстар, этникааралық қақтығыстар, тап күресі ретіндегі антагонистік формаларда көрінді. Мүдделердің антагонизмі дағдарыстық жағдайды тудырады, олардың өткірлігі қоғамның тұтастығының бұзылуына алып келеді, әлеуметтік реттеушілер жаңылады, өшпенділік пен қатыгездік етек алады, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси жүйелер ішінен жарылады. Сондықтан, құлдық, крепостнойлық, жалдамалы еңбек өзінің бастапқы формасында таптық күрес пен әлеуметтік-саяси революция сияқты катаклизмдерді тудырды. Осы революциялардың ішіндегі мейлінше көрнектілері өркениет тарихында тарихи процестің қозғаушы күші рөлін ойнады, оның бұрылыс кезеңі болды, жаңару тенденциялары үшін әлеуметтік плацдармды тазалады.
Одан ары ескеретін жайт, дағдарыстар мен қақтығыстардың пайда болуы әлеуметтік қайшылықтардың өткірлігіне, субъектілердің мүдделерінің қарама-қайшылығына байланысты ғана емес, қоғамдық организмнің өзінде пайда болып отыратын дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайларды реттеу мен шешуге қолайлы әрекеттердің формасы, құралдары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде дамымағандығы себебінен де болады. Қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің төменгі деңгейі, ондағы институттармен қоғамдық ұйымдардың формаларының әлсіздігі, басқару методтарының, қызмет құралдары мен ұйымдастыру құрылдарының позитивті мәні мен мазмұнының соған сәйкес дамымағандығы әлеуметтік субъектілердің көп бөлігінің пісіп-жетілген проблемаларды шешуде тікелей күш қолдану методтарын қолдануларына алып келеді. Бірақ сараптау көрсеткендей, күш қолдану методтары тез және маңызды шешімдер кабылдауда канша тиімді болса да, олардың оңды нәтижелері сырт көзге көрерлік қана, өйткені олар қоғамдық организмге жазылмас жарақат түсіреді, және, ең бастысы, антигуманистік мәндегі саяси мәдениеттің ерекше түрін қалыптастырады. Саяси мәдениеттің осы түрінің үстемдігі, өз кезегінде, қоғамдағы дағдарыстың пайда болуы мен күшеюінің және қақтығысты қарама-қайшылықтың өткірлігінің айқын негізі болады.
Бұдан бөлек, саяси шынайылық — әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастар өте қатаң сипатта болатын әлеуметтік кеңістік екенін ескеру қажет, себебі онда олар өздерінің саяси еркін көрсетеді, күштерін жұмылдырады, олардың әлеуметтік қажеттілігі пен басымдығын қорғай отырып өз мүдделерін жүзеге асыру үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Демек, саяси сфера — мемлекет, саяси партиялар, әр түрлі қоғамдық ұйымдар тәрізді әлеуметтік-саяси институттар қызмет ететін қоғамдық өмірдің ерекше сферасы. Осы сферадағы адамдардың қызметі қоғамдық дамудың негізгі тенденңияларын жүзеге асыру үшін айқындаушы мағынаға ие. Саяси сфераның мәні қоғамдық организмде дағдарыстар мен қақтығыстар болатын қоғамдық дамудың өзгерісті, өтпелі кезендерінде өсе түседі, және одан шығу үшін халық бұқарасының күшін жинақтау қажет. Қоғамдық прогрестің табыстары елеулі деңгейде осы сферадағы әлеуметтік-саяси күштердің әрекеттерімен анықталынады. Қабылданған саяси шешімдердің дұрыстығы, олар пайдаланған методтармен саяси құралдардың сәйкестігі, қоғамдық ұйымдардың формаларының тиімділігі, эр түрлі саяси акциялар мен әрекеттердің нәтижелілігі тұтастай алғанда әлеуметтік процеске шешуші ықпалын тигізеді. Демек, егер солақай тәжірибесіз және тиімсіз саясат дағдарысты тудырып, оны күшейтсе, қақтығысқа әкеліп соқтырып, оны шиеленістіре түссе, ғылыми дәлелденген, шынайы саясат пайда болып келе жатқан дағдарыстық тенденңияларды ескереді, оларды өз уақытында алдын алады, мәселелерді шешудің ауыртпалықсыз жолдарын табады, әлеуметтік процесті қарсыласушы жақтардың шиеленісті қайшылықтарына дейін жеткізбейді.<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}