Даяшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Даяшы - ас кезінде қонақтарды күтіп алып, жайғастыратын адам. Даяршы деп те аталады. Көшпенді қоғамның моральдық-этикалық дағды, нормаларын жетік білетін даяшының басты міндеті - қонақтарға ас-тағам тартып, олардың жайлы отыруын қамтамасыз ету. Хан, бек ордасында, байлардың үлкен үйінде тұрақты қызмет ететін мұндай іске жас жігіттер белгіленеді. Қарапайым халықтың той-томалағында да бозбалалар мен сол шаңырактың күйеу балалары уақытша даяшылар ретінде қызмет атқарады. Үлкендердің көңілін тауып, ізетпен ас ұсына алатын, жасы кішілерге иіле білетін, салт-дәстүрді бұлжытпай сақтайтын зерек, алғыр жастар даяшы болып уақытша қызмет көрсетіп, қандай азамат екендігін осы арада танытады.

Бір жағынан сын тезінен етіп, дәстүрлі ортаның этикалық нормалары мен дәстүрлі дағдысын меңгеріп, танымын арттырады. Даяшылардың киім-кешегі мұнтаздай таза, ықшам, көркем болады. Ел аузынан жазылып алынған деректерге қарағанда, ертеде үлкен астарда даяшылар жорға ат мініп, біркелкі киім киіп, сырт көзді бірден тартып, топ-тобымен жүріп табақ тартқан.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Даяшы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}