Дау жиыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дау жиыны - дау-шарға төрелік айту үшін жиналған билердің, ел ақсақалдары мен ел ағаларының алқалы кеңесі. Ертеде руаралық - жер дауы, жесір дауы сынды ірі даулардың болатын күні алдын ала белгіленіп, дауласушы жақтың билері, аксақалдарымен қатар беделді, бетке ұстар игі жақсылары шақырылған. Даудың отетін жеріне арнайы жер таңдалып, үйлер тігілген. Алыстан келген даушыларға қонақасы беріліп, ертеңіне дау шешу ісіне кіріскен. Дау аясы кең, түйінді болса, арнайы мал сойылып, Құран оқылған. Дау жиыныында алдымен ара би, төбе би тағайындалып, дауласушы екі жақтың сөз ұстаган билері белгіленген. Дау жиыныы алқалы ашық түрде өтеді. Дауласушы жақтардың бір-бірімен мәмілеге келуі, билікке разылығы ала жіпті кесумен аяқталады. Көт майын, aт майын айыпты жақ көтереді.

Байырғы ортада мал дауын, қүн дауын, жесір дауын, жер дауын, дүние-мүлік дауын шешу ғұрыптық құқық бойынша билер шешімімен жүзеге асқан. Жайылым, көш жолдарын таңдау тәрізді ауылішілік жанжалдарды ауыл ақсақалдары кеңесіп шеше берген. Қазақ даласын отарлау ісі қарқын алған тұста патша әкімшілік органдарының ықпалының артуымен XIX ғасыр 70 жылдары бастап жергілікті жерлердегі сот ісі жаңаша сипат алды. Дауды шешудің байырғы ортада ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі қалпы бұзылды. Ендігі кезекте дауды патша әкімшілігі тарапынан тағайындалған сот биі (Үлгі:Lang-ru), кейін халық биі (Үлгі:Lang-ru) қарайтын болды.

Жаңадан енгізілген заңдық ережелер бойынша дау жиыны басқа сипатта өрбіді. Айталық, 1885 жылғы Қарамола ережесі бойынша, жиырма жылдың ар жағында болған құн, жесір даулары ескірген даулар қатарына саналған, тіпті он жылдан арғы даулар да қаралмайтын болып бекіген. Ал төрт жылға созылған дау шешімін тапса, анықталған малдың басы толық қайтарылады. Сондай- ақ, Ережеде көрсетілгендей, дауласушы екі тарап қалаған билерін өздері таңдап алады. Бірақ би есебін ұлықтар шығарады. Би нақты шешім шығармас бұрын үштік бимен бір мәмілеге келуі керек. Даугерлер үштік би бітіміне келіспесе, әр тарап басқа билерін таңдап шығарады. Ереже бойынша әр тараптан үш биден артық болмауы тиіс. Жалпы уездік төтенше съезде екі жақта тең талас болса, яғни дау шешімі табылмаса, төбе бидің шешімі соңғы шешім болып қабылданып, дауға нүкте қойылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дау жиыны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}