Дауыс салу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ДАУЫС САЛУ / ДАУЫС ШЫҒАРУ - казақтың аза түту, өлікті жөнелту, артын күту салтындағы дүниеден озған адамды жоқтап айту әрекеті. Әдетте дэстүрлі ортада маркұмды әйел адамдар - эйелі, қыз-келіндері, апа-жеңгелері сияқты етене жақын адамдары Д. с.-ып жоқтайды. Маркұмның жетісі, кыркында, тіпті жылы- на дейін жоқтап, «дауыс шыгарады». Байырғы ортада т ' 1 L І і і 4 t АЛ I*?'

* ждг™ Дауыс шыгарып жоцтау. А.И. Бортников. ҚР MOM цорынан (КППМ1222-14)   «бақильщ болган адамның цүлагыД. с.-ган жақындарының даусымен ашылады» деген түсінік болган. Сондықтан Д. с.-ып жоқтамау дәстүрлі ортада үлкен мін болып саналған, «артында еіикімі жок,, түл екен, жақынына ешцандай қадірі болмаган екен» деп, жақын адамдарына кінэ артқан. Д. с.-ып жоқтау айту көш жолында да жалғасқан. Сыр қазақтары Д. с.-ып жоқтауды «өліктің сэні» деп қабылдайды. Марқүмға туыстығы бар, жақын ер адамдар да жылап, өкініші мен қайғысын өлеңге қосып Д. с.-ған. Ал Д. с.-ып жоқтау білмейтін әйелдерге арнайы жазып әкеліп жаттатқызып айттырған. Маркұмның артын күткен үйде оның жылына дейін Д. с.-ып жоқтау айтылады. Мүндай кезеңде ауыл адам- дары да адамынан айырылған үйге кол үшын беріп, қолдау көрсетеді. Көз үшында жолаушы көрінсе, дереу үйге хабарлап, Д. с.-шы жақын қауым отауға жиналып, қамдана бастайды. Қазаға көңіл айтып, бет көре келген, дер кезінде келе алмай, кешігіп жеткен адамдар келгенде жоқтау айтып Д. с.-ады. Келгендер арасында да етене жақын араластығы бар жекжат-тамырлар мен ағайынның әйелдері де қаза қайғысының ортақ екендігін білдіріп, маркұмға қүрмет ретінде Д. с-ып жоқтау айтады. Біреуі тоқтаганнан кейін, екіншісі бастап кетеді. Келгендерден әйел адамдар көріседі, ер адамдар отырып, сабыр айта¬ды. Д. с.-ып жылап отырған әйелдерді әулеттің үлкені сабырлыққа шақырып, тоқтау айтады. Ал сол әулеттің немесе корші-қолаңның кіші келіндерінің бірі жоқтау айтылып болған соң көріс айтып, Д. с.-ғандарға жағалай су қүйып, коз жасын жуу үшін беті-колдарын шайғызады (толығырақ қ. Бет көрісу; Жақсы сөз айту; Қайырлы болсын айту). Кейде Д. с.-да суырыпсалмалық үлгімен айтылатын өлең үлгілері де кездеседі. Келген адамдардың кейбір іс-әрекеттеріне көңілі толмаған кезде немесе маркұм болган адаммен пэни өмірде араздасып өткен жандар көңіл айтуға келгенде әйелдер осы наразылығын өлеңмен жеткізіп, жоқтау ішіне енгізе Д. с.-ып айткан. М.Әуезовтің «Абай жолы» шыгармасында Божейдің қазасына кел¬ген Қүнанбайга окпе-наз ретінде жоқтау ішіне енгізіп айтылған өлең үлгісі осының накты көрінісі. Маркұмның отбасындагы әйелдер, жүбайы мен қызы белін буыньга алып, шашын жайып, бүйірін таянып, бетін тырнап, азаланып Д. с.-ып жоқтау айтып жылай- ды. Әйелдердің марқүмды жоқтауы үзакка созылады. Л.Ф. Костенко дерегінде ертеде марқүмның жылына дейін таңертең және кеш мезгілінде әйелдердің жоқтау айтқандыгы; жесір әйелдің эр таңы жоқтаумен басталып, эр күні жоқтаумен аяқталгандыгы; күйеуін жоқтаган әйел басына қара жаулық, әкесін жоқтаган қыз қызыл жаулық, баласын жоқтаган ана ақ жаулық салгандыгы келтіріледі (қ. Жоқтау). Сыр өңірінде маркұмды щара өлеңмен» жоқтатып, сәнін келтіру үшін цара өлең айта білетін егде әйелдерді ДАЯШЫ жалдау кездеседі. Кейде қайтыс болган адамның түп нагашылары, жақын немерс ағайындары эісоқтаушы кемпір шақырган, олікті жөнелткен соц, оны сый-сыяпат беріп қайтарган. И.Кастанье өлікті жерлсуге «жмлаушы қатын» арнайы шакырылган десе, Ә.Диваев жоқпшу айтуды кәсіптің бір түріне жатқызып, бүл гүрі.іптың ерте кезден қалыптасқанын айтады. Бүл салтты дәстүрлі ортада дауыс цылу, дауыс шыгару, көрісу, коріс айту деп түрліше атайды. Осыган Караганда «жоқтау» созін тыйымдық мәнмен тура атамай, Д. с. деп түспал сөзбен атаган секілді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дауыс салу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}