Датқалық белбеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Датқалық белбеу - лауазымдық белгісін айырып тұру үшін датқа шеніндегі адамдардың таққан белбеуі. Датқалық белбеуді датқалық қызметке адамдар ғана таққан. Дәреже, лауазым белгісін білдіретін мұндай белбеулер қымбат материалдардан әшекейленіп жасалған. Оның кейбір түрлері алтын өріліп тоқылған. ҚР MOM қорында сақтаулы датқалық белбеу қаратүсті былғарыдан жасалған. Ұзындығы 93 см, ені 8 см, қапсырмасының ені 9 см. Бетіне алтын жалатылған үлкен көлемді жеті шытыра теріге бірдей ара қашықтықта орнатылған. Олардың араларына алты жұлдыз пішінді шытыра, алты тамшы тәрізді шытыра - барлығы он екі дана ұсақ шытыра орнатылған. Қапсырмаларының ортасы күмбез пішінде нақышталып, оның бетіне алтын жалатылған және оны айналдыра өсімдік өрнегі жүргізілген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Датқалық белбеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}