Дастар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дастар - сәлде тәрізді арнайы тігілген діни баскиім. Шариғатта көрсетілген намаз оқу ережесі бойынша мұсылман адамның басында сәлде немесе сәлде тәрізді баскиім болуы шарт. Дін жолына түсіп, медресеге оқуға барған, кейін молда, имам, ишан сияқты діни қызметкер болатын адамдар дін дәстүріне, дін талабына сәйкес бастарына дастар немесе сәлде киген.

Қожа пұлын жіберер дастарына,
Кісе, дастар жарасар бастарына, 

- дейтін сөз орамы осының айғағы. Оны асыл бұлдан, ақ өңді маталардан жасайды.

Діндарлар басына орайтын сәлде (сәжде) үш-төрт кез ақ матадан қабаттай орап жасалады да, бір ұшы намаз оқыған кезде желке тұсын жауып тұру үшін бос қалдырылады. Сәлде, бір жағынан, баскиім міндетін атқарса, қажет кезінде жайнамаз міндетін атқарады яғни намаз оқырда сәлдені алдына жайып, сәжде қылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дастар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}