Дар ағашы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дар ағашы - өлім жазасына кесілген қылмыскерді аспақтауға арналған арнайы құрылғы. Жуан бөренеден жасалады. Қылмыскерді дар ағашының астына қойылған дөңбекке шығарған. Әуелі екі қолы артына қайырылып байланған қылмыскердің бетін бұлмен айналдырып байлайды немесе оның басына арнайы жасалған қап кигізіледі. Мойнына дар ағашына асылып байланған арқанның тұзақталған ұшы кигізіледі. Адамды дарға асып қинап өлтіру, жазаның ең ауыр түрі болды. Көбінесе Орта Азияның отырықшы, қалалы, кентті жерлерінде тұрақты сипат алған мұндай жаза түрі байырғы қазақ қоғамында қолданылмаған. Дәстүрлі қазақы ортада арнайы дар ағашы деген болмады да, бірақ асып өлтіру - шөгерген түйеге жазаға кесілгеннің мойнынан байлап алып, түйені түрегелтіп жіберіп асу тәрізді түрмен атқарылды.. Адамды дарға асып, қинап өлтіру 2 ғасырда Рим империясында қолданыла бастаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жазалаудың мұндай түрінің қолданылғаны туралы дерек жоқтың қасы.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref><ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дар ағашы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}