Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дарғабасы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Дарғабасы - мал ұрлаушыларға тапсырыс беруші адам. Ұрыларды дарғабасы жұмсаған жағдайда зәбір көрген мал иесі би алдында ұрланған малын ұрылардан емес, дарғабасыдан өндіруді талап еткен. Тіпті, мал ұрлаушылар бірнеше кісі болып қолға түскен жағдайда, ұрлықты үйымдастырушы - дарғабасы билер сотының кесімі бойынша айыптың ауыр түріне тартылады. Кесім бойынша айыпкер ұрланған малды қайтарады және оған қосымша айып төлейтін болған. Бұл айыптың төмендегідей түрлері болды: мойнына қосақ - құнан, көтіне тіркеу - тай, хандық ханның және сұлтанның пайдасына төленетін айыппұл. Мөлшері бесті ат немесе бес жасқа толған түйе. Айта кететіп нәрсе айыппұлдың бұл түрі ұрлықтың ауыр түріне байланысты ғана төленеді. Билік - шешімді қабылдаған бидің ақысы жоғарыда аталған хандық деп аталатын айыптың жартысына тең болды. Жасауылақы - сотқа шақырылған адамды алып келген тұлғаның ақысы, оның мөлшері барған жердің қашықтығына және билер соты қарастыратын істің сипатына байланысты болды. Даушыға жіп кесер сот шешімінің соңғы акті. Мұны ғұрып деп атаса да болады. Бұл айыптың мәні ұрының немесе қылмыскердің аяғына байланған ала арқанды қию. Бұл жіпкесерге берілетін айыптың мөлшері - бір қойдан немесе шапаннан жоғары болмаған. Осыған орай халық арасында «Айттым бітті, кестім үзілді», - деген фразеологизм қалыптасқам. Бұл сөз орамы істің мүлдем аяқталғандығын білдіреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дарғабасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}