Дарья Владимировна Клебанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дарья Владимировна Клебанова. 1963 жылы 14 наурызда Қарағанды қаласында туған. Орыс. Әкесі - Татенко Владимир Пантелеевич, зейнеткер, ҚР өнеріне еңбек сіңірген қайраткері, деректі фильмдер кинорежиссері. Анасы - Татенко Светлана Ивановна, «Рахат-ТВ» телекомпаниясының вице-президенті, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Алматы медициналық институтының емдеу факультетін (1986) дәрігер мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық- заң университетінің заң факультетін (2003) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Орыс, ағылшын және француз (базалық) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2003 жылдан). 1986 жылдан - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің гинекология және акушерлік ҒЗИ клиникалық ординатурасы. 1988 жылдан - ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің гинекология және акушерлік ҒЗИ ғылыми қызметкері. 1992 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бала мен ана денсаулығын қорғау РҒЗО қызметтік ауысым тәртібі бойынша ҚР мемлекеттік телерадиокомитетінің Алматы телевизиясында медициналық білімді насихаттау жөніндегі редактор. 1992 жылдан - «Рахат-ТВ» ЖШС тәуелсіз телекомпаниясының комментаторы, 1993 жылдан - бағдарламалар жетекшісі, бас редакторы, 1994 жылдан - президенті. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003); Ұлы Қазан 70 жылдығына орай Қазақстан комсомолы обкомының Құрмет грамотасымен (1987) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен (2001, 2005) ескерілген. БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2009).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Президенттің қойып отырған мүддесі - әлемнің дамыған 50 елдері қатырына Қазақстанның қосылуы - жуық арада жүзеге асатынына сенімдімін».

Хоббиі - кітаптар, спорт.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика, мемуарлар, философия әдебиеті.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}