Дан алқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дан алқа - билік дәрежесін айқындайтын лауазымдық белгі. Дан алқа дөңгелек пішінде жасалып, күміспен, алтынмен, басқа да түсті металдармен әшекейленеді. Алқа шеңберінің бір жерінен тойнақ (шыгыршық) жасалып, оған шынжыр бекітіліп сол арқылы мойынға тағылады. Ертеде дан алқа билік лауазымы емес керісінше сәндік алқа түрінде тағылғанға ұқсайды. Қазақтың ескі жырларында:

Құбаған мұрын, қиғаш қас 
Қызарыдан көйлекті, 
Еңінде семсер ақ тісті, 
Мойнында дан алқалы 

- деген жолдар ұшырасады.

Атаққа ие болды дегенді «данға шықты» деп те айтқан. Ал бұл тіркес батыс өңірде «белгілі болып, атақ-даңқы шықты» деген мағынаны білдіреді. Зерттеуші Р.Сыздықова өз зерттеуінде «Данға шығу» қолданысының көне жырларда көптеп кездесетіндігін айтады.

Ғылыми тұжырымдарға қарағанда, Данға шыққан, дан болған тіркестері «байлығымен және даңқымен атасы шықты» деген мағынаны аңғартады. Ендеше ертеректе атақты, әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдар дан алқа таққан деген қорытынды жасауға толық негіз бар және билік, лауазым иелерінің алқа (металл белгі) тағуы XIX ғасырда қазақ даласындағы билік жүйесіндегі өзгерістермен байланысты.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дан алқа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}