Дамбал салды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дамбал салды - неке қию салтынан кейінгі күйеу жігіт пен қалыңдықтың алғашқы түніндегі «көрпе қимылы» «сәтті» болған жағдайда қыз шешесі тарапынан жеңгесіне берілетін сыйлық (сүйінші). Байырғы ортада қалыңмалы толық берілген қалыңдыққа күйеу жігіттің жасырын келіп, жолығып жүздесіп кетуін қалыңдық ойнау деп атаған. Осыған орай, дәстүрлі ортада «ойнау» сөзі қыз бен жігіт арасындағы «сырға толы» құпия мәнді білдіреді. Ал дамбал салды ғұрыптық «ойын» түрінің бірі болып саналады. Дамбал салды сипатын Ташкент уезі, Ақжар болысының қазағы, молда Көбей Тоқболатовтың қолжазбасынан аударып жариялаған Ә.Диваев осы ғұрыптық шараны жастар ойыны сериясына енгізген. Зерттеуші ғалым дамбал салды ойынын іш киім лақтыру ойыны деп те айтылатынын атап көрсеткен. Дерек берушінің айтуынша, құтба дұғасы оқылған соң, қалыңдықты кілем мен қымбат көрпелер төселген сәнді отауға кіргізуге жиналған әйелдер қауымы оның қасына бірнеше қызды қосып, кілемге отырғызады. Қоршаған әйелдер кілемді жиектерінен ұстап көтереді.... Бір топ жеңгелері сәнді неке төсегін дайындап болған соң, отауға күйеуді кіргізіп, қалыңдықты табыстайды. Кілемде отырған қыздар мен басқа әйелдер дереу шығып кетеді, ал қалыңдықпен бірге отауда тек қалыңдықтың жеңгесі ғана қалады. Қайын сіңлісінің көңілін қобалжытпайын деген оймен жеңгесі қажетті шаруаларын атқарып, екеуінің қолдарынан ұстатады... Күйеу от жағып, қалыңдықтың «өзіндік» екенін білген соң, жас жұбайлар астына төселген ақ матаны дереу қыз жеңгелерінің бірінің қолына береді. Ал ол қалыңдықтың шешесіне көрсетіп, одан сүйінші алуға асығады. Дамбал салды ойыны - қалыңдық ойнаудың соңғы шарықтау шегі (кульминациясы) болып табылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дамбал салды|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}