Дамбал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:38, 2013 ж. қаңтардың 2 кезіндегі Sibom (Талқылауы) істеген түзету

Дамбал - белуардан төмен киетін ішкиім. Дәстүрлі ортада ер адамдар ақ сұрыптан тігілетін тік немесе қисық жағалы көйлектің астыңғы бөлігінен төменге қарай ептеп тарыла бастайтын кең адымды Д. түрін киген. Дамбалдың ауына жүріп тұруға ыңғайлы болу үшін «үшкіл» деп аталатын қиықша қосып салған, ышқырына ызып бау таққан. ҚР MOM қорындағы (НВФ 5910) Д.-дың ұзындығы 90 см, бел үз. 40 см, балақ ені 22 см, ау үз. 50 см. Беттестірген мата бөлшектерінен ойып пішілген балақтарының арасына көлемі бірдей екі үлкен үшкіл қиық салынған. Қиықтар бір-бірімен қосылып, аудың шалғайын құрайды. Ышқырының қолқасы бар және оған жіп өткізілген. Дамбал ауы қазақтың көшпенді тұрмысына, атқа мініп - түсуге, малдас құрып отыруға бейімделіп кең тігілген.

Дәстүрлі ортада кіндіктен төмен киілетін ішкиімдер наным-сенімге байланысты әртүрлі ырым-тыйымдарға негіз болған. Өсіп-өнудің, көбеюдің нышаны ретінде саналатындықтан, кей өңірде егін еккенде еңкейіп, бұтының арасынан дән сепкен. «Ер адамның ырысы ауында болады» деп ұғынғандықтан ескірген, тіпті жарамай қалған дамбалдың ауын жеке кесіп алып сақтайтын болған. Ертеде көп жасаған кемпір бақи болғанда, оның дамбалын көрші- қолаң, туған-туыс сұрап алып, ырымдап, түрлі шараларға пайдаланған. Мәселен, балалардың аузы уылып кеткенде ырым қылып алған кемпір дамбалының ауымен баланың аузын сүрткен. Көз тиіп ауырған адамның басынан әлгі дамбалдың қиындысын түтетіп айналдырған. Сыр өңірінде диқаншылықпен шұғылданған қауым қауын түйнектемей қойғанда «еркектеп кетті» деп көп жасаған кейуананың дамбалымен қауынның пәлегін қағып шыққан. Дамбалды ырым ретінде пайдалану балықшылық кәсібінде де ұшырасады. Ауға балық түспесе, қырсық шалды» деп, жылым аузына дамбал байлап суға салады. Көп балалы ананың дамбалын бала көтере алмай жүрген әйелдер ырымдап алады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дамбал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}