Гүлнәр Бораш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнәр Бораш (Смағулова) (5.9.1958. Алматы қаласы) – телережиссер.

Алматы театр көркемөнер институтын бітірген (1990). Еңбек жолын Қазақ теледидарының насихат және үгіт хабарлары Бас редакциясында әкімшіліктен бастаған. Кейін Қазақ теледидарында, "Алатау" арнасында режиссер ассистенті, режиссер (1978-85), "Хабар" агенттігінде режиссер (1986-98), "Қазақстан" телеарнасында бас режиссер (1999-2006), "Век" шығарм. бірлестігінде шеф-режиссер (2008). 2009 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде режиссер болып істейді.

Телеэкранда "Аламан Айтыс", тікелей эфир арқылы саяси пікірталастар, "Дала-думан", телемарафон, "Сандық", "Қымызхана", "Шамшырақ" бағдарламаларын эфирге шығарды. "Бірінші" деректі бейнефильмінің және республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар жайлы "Қазақстан" фильмінің режиссері. "Алтын жұлдыз" конкурсының иегері. Қазақстан журналистер одағының лауреаты. "Күміс жаршы" Құрмет белгісімен, дипломдармен марапатталған. <ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}