Гюньчень

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:12, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Гюньчень, Гун Чен (б.з.б. 160 - 126) - ғұн тәңірқұты.

Гюньченьнің таққа келуі

Мөде қағанның немересі, Лау Шаң (Лао Шань Гиюй) тәңірқұттың баласы, әкесінен кейін таққа отырады.

Қытаймен қарым - қатынасы

Б.з.б. 152 жылы қытаймен ғұн мемлекеті арасында келісім - шарт жасалып, еркін айырбас үшін шекаралық базарлар ашылады және тәңірқұтқа мол тарту - таралғымен қытай патшайымы жіберіледі. Гюньчень жалпы император Цзин Ди (Жиң) тұсында (б.з.б. 156 - 140 ж.) Қытаймен бейбіт қарым - қатынас орнатты. Қытайда император У - ди билік еткен кезеңде (б.з.б. 140 - 86 ж.) екі арадағы соғыс жиілей түсті. Гюньчень дарынды қолбасшы ретінде көзге түсіп, бірнеше жау шабуылдарына тойтарыс берді (б.з.б. 139, 135, 129, 128, 127 ж.). Гюньчень б.з.б. 100 мыңдық әскермен Қытайға басып кіреді. Бірақ, Қытайдың соғысқа әзірлеп қойған 300 мың сарбазы дайын тұрғанын біліп қалып, елге қайтып келеді. Бұл оқиғадан кейін екі жақ та ірі әрекеттерге бармайды. Ғұндардың жүрдек әскери топтары Солтүстік Қытайдың әртүрлі аудандарын тонап кетіп отырады, ал қытайлар қорғаныспен ғана щектеледі. Гюньчень атасы қалдырған мемлекеттің қадыр - қасиетін түсірмейді, өздерінен әлдеқайда күшті жаумен күресте төтеп берді. Ол батыс сауда жолын бақылауында ұстап, көршілес Тибетпен одақтыққа қол жеткізді. Қытай әскері соғыста ғұн әскерінен әлсіз болып шыққанына қарамастан, дарынды У - ди соғысты жалғастыра береді. <ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References