Гурбаноғлы Бердымұхаммедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:10, 2017 ж. сәуірдің 4 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Құрбанқұлы Бердімұхамедов Үлгі:Lang-tk 1957 жылы туған, Түрікменстан, Ашхабад облысы, Гөкдепе ауданы(түрікм. Gökdepe), Бабарап ауылы) – саяси қайраткер, Түрікменстан Республикасының Президенті. Медицина ғылымының докторы, профессор.

Түрікмен Мемлекеттік медицина институтын (1979), Мәскеу медицина институтының аспирантурасын (1990) бітірген. 1979 – 87 жылдары Ашхабадта дәрігерлік қызмет атқарды. 1990 – 95 жылдары Түрікмен мемлекеттік медицина институтының доценті, тіс емдеу факультетінің деканы, 1995 – 97 жылдары Түрікменстан медицина өндірісінің тіс дәрігерлігі орталығының директоры болды. 1997 жылы Түрікменстанның денсаулық сақтау және медицина өндірісінің министрі, 1998 жылдан С.Ниязов атындағы Халықаралық медицина орталығының басшысы болды. 2001 жылы 3 сәуірде министрлік лауазымына қосымша Түрікменстан үкіметінің вице-премьері болып тағайындалды. 2006 жылы 21 желтоқсанда С.Ниязовтың дүниеден өтуіне байланысты Бердімұхамедов Түрікменстан президентінің қызметін уақытша атқарды. 2007 жылы 11 ақпанда өткен президенттік сайлауда 89% дауыс жинап, Бердімұхамедов Түрікменстанның президенті болып сайланды. 2007 жылы тамызда Жалпыұлттық “Галкыныш” (Жаңғыру) қозғалысының және Түрікменстан Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сурет:Dmitry Medvedev in Turkmenistan December 2009-2.jpg
Ашхабаттағы Дмитрием Медведевпен кездесуі, 2009 жыл

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:ТМД елдерінің басшылары

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гурбаноғлы Бердымұхаммедов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}