Гуггенхайм мұражайы (Бильбао)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:22, 2013 ж. маусымның 21 кезіндегі Ismukhammed (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Guggenheim-bilbao-jan05.jpg
Гуггенхайм мұражайындағы темір өрмекшінің мүсіні.
Сурет:GuggenheimBilbao.jpg
Бильбаодағы Гуггенхайм мұражайы.

Гуггенхайм мұражайы Испанияның Бильбао қаласында орналасқан қазiргi көркемөнер мұражайы. Соломон Гуггенхаймның қазіргі көркемөнер мұражайы филиалының бірі болып табылады. Нервьон өзенінің жағасында орналасқан.

Мұражайда тұрақты экспозициялар орналасқан, сонымен бiрге испандық және шетел сүретшілердің уақытша көрмелері өткiзiледi.

Ғимараты

Мұражайдың ғимараты американ-канадтық сәулетші Фрэнк Геримен жобаланды және 1997 жылы көпшілік үшін ашылған. Сәулетші Филип Джонсон оны «біздің уақытымыздың ең зор ғимараты» деп атады<ref name=lee>Bilbao, 10 Years Later, The New York Times</ref>.

Өзеннің бойында орналасқан ғимарат ғаламшараралық саяхаттарды жасауға арналған футуристикалық кеменiң абстрактты идеясын iске асырады<ref>Guggenheim Museum Bilbao — Frank O. Gehry</ref><ref>Google Books — Learning from the Bilbao Guggenheim, Авторлары: Ana María Guasch, Joseba Zulaika, 51 бет</ref>. Сонымен қатар оны құспен, ұшақпен, суперменмен, бөрікгүлмен және жалбыраған раушан гүлімен салыстырады.<ref>Learning from the Bilbao Guggenheim, Авторлары: Ana María Guasch, Joseba Zulaika, 41 бет</ref>.

Биіктігі 55 метрлік орталық атриумы әр түрлi экспозициялар үшiн көрме залдарының анфиладасы иiлген гүл жапырақшалары тарқайтын алып металлды гүлге ұқсайды.

Ғимарат жалпы ауданы 24 мың м² титанды парақтармен қапталған.

Транспорты

  • Мұражайдан 100 метр қашықтықта Guggenheim атауы бар Euskotran аялдамасы орналасқан.
  • Қасынан № 18 автобус маршруты өтеді.
  • Мұражайдан оңтүстікке қарай 500 метр қашықтықта Бильбао метрополитенінің Moyúa бекеті орналасқан.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер