Григорий Григорьевич Дильдяев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:42, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Григорий Григорьевич Дильдяев.JPG
Григорий Григорьевич Дильдяев

Григорий Григорьевич Дильдяев - 1948 жылы 2 шілдеде Қырғыз КСР Фрунзе қаласында туған. Орыс.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1971), журналист.

1966 жылдан - Ош облыстық газетінің корректоры.

1971 жылдан - «Казахстанская правда» газетінің әдеби қызметкері, меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1985 жылдан - «Правда» газетінің тілшісі, тілшілер қосынының меңгерушісі. 1991 жылдан - «Азия» газетінің бас редакторы. 1994-1997 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы. 1995-1999 жылдары - «Азия - экономика и жизнь» газетінің бас редакторы.

1999 жылдан бері - «КазИнПресс» РБА президенті. «КазИнПресс» ассоциациясы басқармасының төрағасы (1991 жылдан).

Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Хоббиі - «Әдемі кітаптар шығару».

Үйленген. Жұбайы - Дильдяева Вера Петровна. Ұлы - Ярослав (1969 жылы туған). Немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}