Готтар (субмәдениет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Го́ттар (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-en, және Үлгі:Lang-ru ал қазақша дөрекі) - XX ғасырдың 70 - сінші жылдарында Ұлы Британияда панкттік қозғалыс базасында өмірге келген жастар субмәдениеті. Готикалық субмәдениет мүшелері өздерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді, бірақ бұл субмәдениеттің барлық мүшелері өзіндік бір спецификалық стильге ие және готикалық әуендерге қызығушылықтары бар болып келеді. Бұл субмәдениеттің мүшелері көбіне жастар болғанымен, 14 - 45 жастан жоғары адамдар да мүше бола алады.

Готтар тарихы

Ұлы Британияда панкттердің әсері жойылып жатқан кезде 1970 жылдың аяғында готтар пайда болды. Олар негізіне белгілі бір музыкалық готтық-роктардың пайда болуымен ерекшеленеді. Готикалық рок группалар:

  • Bauhaus
  • Virgin Prunes
  • Southern Death Cult
  • Sex Gang Children
  • Specimen
  • Ausgang
  • Killing Joke
  • Gloria Mundi
  • Bela Lugosi’s Dead
  • Unknown Pleasures
  • Join Hands
  • Batcave

Әуенге әуестенген бұл ұйымдар негізінде 1980 жылдары готикалық қозғалыстар пайда болды. Міне ғалымдардың пайымдауынша осы жылдары нақты готтар субмәдениеті пайда болды делінеді.

Готикалық стиль

Сыртқы бейнесі, яғна киімі, аяқ киімі, шаштың бірнеше стильдері, атрибуттар, темір әшекейлер, бұлар негізінен готикалық субмәдениеттің ең маңызды бейнесі болып табылады. Бұл бейне рок жұлдыздарының имиджтерінен пайда болған делінеді. Қазіргі таңда готиканың негізгі элементтері- киімінде қара түстің болуы, темірден немесе күмістен жасалған готикалық символды бұйымдар, және макияж. Готикалық атрибуттар - олар, анх (Ежелгі грекиялық шексіз өмір белгісі), кресттер, көртышқан белгілері, өлімнің белгілері. Ал макияжды көбіне жас қыздар, сонымен бірге жас ұлдар қолданады. Ол негізінен күнделікті атрибут болып табылады. Оған біріншіден ақ пудра(Негізінен адамның бейнесі өте ақ болу керек), көзінің айналасында қара бояу, қызыл немесе қара ерін бояғыштар. Сонымен қосы әр түрлі татуировкалар мен пирсингтер де бар.

Сыртқы сілтемелер