Гималай (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рерихтердің Халықаралық орталығынан Н.К.Рерих пен С.Н.Рерих картиналарының түпнұсқалық сериялары, Мәскеу. 1998 жыл Гималай... Осынау бір алып тау әлемі біздің көз алдымызға ғажайып сюита, ғарыштық үнсіздік поэмасы және бояу түстерінің сөз жеткісіз реңктері ретінде келді. «Сәулелер жер атмосферасы арқылы жарық беріп тұр, ашық-тоқсары болған көкжиек біртіндеп кемпірқосақтың барлық түстеріне: көгілдір, көк, күлгін, қара түрлерге ауысты. Тіл жетпейтін бояу гаммасы! Н.Рерихтің полотноларындағыдай». Бұл біздің планетамызды алғаш рет Ғарыштан, яғни сырттай көрген адамның алған әсері. Күннің батуы мен шығуы, ашық және бұлтты күндер, айлы және жұлдызды түндер, жеңіл, салмақсыз, кейде тіпті мөлдір, ғажайып, ой жеткісіз, жұмбақ таулар – осының барлығы Н.Рерих картиналарында бейнеленген.

Көрмеге Н.К.Рерихтің 1937-1946 жылдары картонда темперамен орындалған 46 картинасы мен С.Н.Рерихтің 10 картинасы ұсынылды. Көлемдері – 30 х 45 см немесе 45 х 30 см. Жеке залда Н.К.Рерихтің 1874 жылы 24 қазанда тууы туралы куәлігі, Көркемөнер академиясы жанындағы Жоғары көркемөнер училищесін 1897 жылғы қарашада бітіргендігі туралы дипломы, Н.К.Рерихтің Е.И.Шапошниковамен 1901 жылғы 28 қазанда некеге отырғаны туралы жазба, Н.К.Рерихке 1918 жылғы 6 желтоқсанда берілген шетелдік төлқұжат және басқалар назарға ұсынылды.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж.