Гидроморфологиялық теория

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:37, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Гидроморфологиялық теория — арна процесі теориясының гидрологиялық-морфологиялық бағыты.

Арна процесінің басты факторы ретіндегі эрозиялық және жинақтық (аккумулятивтік) процестер тек қана шеткі аумақта және өзен желісінің төменгі бөлімдеріне қатысты болады. Ағынның барлық ағысы бойындағы басты әрекет — сыртқы көрінісі барлық арналық және жайылмалық өзгерістер болып табылатын тасындыларды тасымалдауға саяды. Жергілікті шайылу мен шөгінділер тұтас морфологиялық түзілімдер дамуының біртұтас қайтымды процестері ретінде қарастырылады. Арна процесі теориясы мәселелерін осылай түсіндіру — арна пішіндерінің динамикасын зерттеу деген сөз. Арнаның тар және орта пішіндерінің (құмды құмтізбек) дамуы түптік тасындылардың өтімі, ағынның кинематикалық құрылымы, сонымен қатар оның макротурбуленттілігімен тікелей байланысты. Арна процесінің барлық типтерін анықтайтын үлкен пішіндер (өзен иіні, тармақтар жүйесі және т.б.) сұйық және қатты ағынды құрылысы сипаттамаларының барлық жиынтығына тәуелді. Түптік тасындыларға — өзінің арнасын, ал жүзінділерге — арна мен жайылма қалпының өзгерістерінде тасындылардың ағынға қайта түсуі мен жайылмалық шөгінділерді қалыптастыруда жетекші рөл беріледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гидроморфологиялық теория|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}