Герой Жолтаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Герой Жолтайұлы Жолтаев (28 тамыз 1940 жыл Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылы) – геология-минералдар ғылымдарының докторы (1992), професор (1993), КСРО Мұнай өндіру ісінің үздігі (1984). Қазақстан Республикасының Инженерлік Академиясының академигі, халықаралық минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Американдық және еуропалық мұнайшы-геолог қауымдастығының мүшесі. "Геология ғылымдарының институты" ЖШС-нің директоры<ref>Список научных учреждений находящихся на территории Медеуского района</ref>,

Биографиясы

1957 жылы Балхаш ауданының Баканас ауылының орта мектебін алтын медальмен бітірді.

1962 жылы Қазақ политехникалық институтын үздік бітіреді. 1966 жылы өзінің кандидаттық диссертациясын, ал 1992 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.

Қазақ ұлттық техникалық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, мұнай факультетінің деканы ретінде қызмет етті.

1974 -78 жылдары Алжир мұнай-газ және химия институтында оқытушы болып істейді. 1993 жылдан бастап мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі және профессоры. 180-нен аса жарияланымның, 4 монографияның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>