Геофизикалық өріс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Геофизикалық өріс. Жердің түрлі-түрлі физикалық өрістері, мәселен, Жердің магнит өрісі. Жердің жекелеген алқаптары мен аймақтарында табиғи немесе жасанды түрде қалыптасқан әр түрлі физикалық шамаларының жиынтығы Геофизикалық өріс терминімен аталып жүр. Барлау геофизикасында әдетте Геофизикалық өрістің төрт түрі дараланады, олар: бақыланған, қалыпты, қалыпсыз және жүйеленген өрістер; бақыланған Геофизикалық өріс. — нақтылы өлшенген өріс; қалыпты Геофизикалық өріс — өлшенген өрістер жиынтығының орташа мөлшерімен сипатталатын өріс; қалыпсыз Геофизикалық өріс — нақты өлшемдері қалыпты өріс көрсеткіштерінен айтарлықтай айырма беретін өріс; жүйеленген Геофизикалық өріс— өлшенген өрістерді белгілі бір жүйеге сәйкес саралау нәтижесінде алынатын өріс.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}