Георг Зиммель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Philosopher Зиммел, Георг (1858—1918) — нeмic пәлсапашысы, әлеуметтанушысы.

Зиммел өмip пәлсапасы ағымының өкілі ретiнде мәдениет пәлсапасының мәселелерiн қарастырды. Зиммелдің танымы бойынша «өмip» ұғымы шығармашылық қалыптасу процесi, оған iшкi толқыныс, сезiм қуаты мен рационалды құралдарды қолдану арқылы жетуге болады.

Өмiрдiң күрделi толқыныстары мәдениеттiң әрқилы формасында көpiнic табады. Зиммельдің өмip туралы, дара тұлғалардың ролi туралы көзқарасы Гете, Рембрант, Кант, Шопенгауер, Ницше туралы еңбектерiнде, басқа да мәдениеттiң тарихы мен пәлсапасы туралы көптеген эсселерiнде көpiнic тапты. Зиммел мәдениеттi рухани және практикалық еңбектiң нәтижесi ретiнде, өмip формасының саналы, нәзiк көpiнici деп таниды.

Зиммел үшiн мәдениет — өмip сүру формасы. Мәдениет пен өмiрдiң арасында түрлi саяси және мәдени қозғалыстарға ықпал етiп, қозғалысқа түcipep қайшылық бар. Зиммель пiкiрi бойынша шығармашылық бұлағы — тұлға, және оның таным қуаты. Сол таным, шығармашылық көру қуатына сәйкес түрлi мәдениет «әлемi» қалыптасады: дiн, пәлсапалық ғылымдар, өнер, т.б. Оның барлығы өзiнiң ерекшелiгiмен мәдениеттануда көpiнic табады.

Зиммелдің мәдениеттану туралы толғаныстары, оның негiзi «Мәдениеттану ұғымдары мен трагедиясы» (1911 — 1912), «Қазiргi мәдениеттегi конфликт мәселесi», «Мәдениет трагедиясы туралы ұғым», т.б. еңбектерiнде көpiнic тапқан.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}