Геологиялық өтімділік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Өтімділік. тау жынысытардың сұйықтарды сүзбелеу мүмкіндігімен анықталатын сипаты. Өтімділік тау жынысытардың жинауыштық қабілетін анықтайтын ең басты сипаттарының бірі болып табылады.

  • Абсолюттік өтімділік. тау жынысытардың жинауыштық қабілетін анықтайтын ең басты сипаттарының бірі. Абсолюттік өтімділік тау жынысытың ашық кеуектері кеңістігін толық қанықтыратын және белгілі бір қысым градиенті әсерімен оның көлденең қимасының берілген ауданы арқылы сүзбеленетін тұтқырлығы нақтылы, тау жынысытың минералдық қаңқасымен әрекеттеспейтін сұйықтың көлемдік шығынымен өлшенеді. Абсолюттік өтімділік әдетте зертханалық әдістер көмегімен анықталады, Бұл әдістер кеуек кеңістігі ылғалдан, тұздардан, мұнай мен таушайыр қалдықтарынан, өзге де ластағыштардан алдын-ала тазартылған тау жынысытың цилиндр пішінді үлгісінде сүзбелену процесін моделдеу шараларына негізделген. Үлгінің кесіктері арқылы тау жынысытын минералдық қаңқа жазықтықтарымен әрекеттеспейтін сұйықжіберіледіде, сол кесіктердегі сұйықтың қысым айырмашылықтары және оның шығыны өлшенеді. Абсолюттік өтімділікті есептеу К=Qml/(s∆p) теңдеуі арқылы жүзеге асады, мұндағы: Q - сұйық шығыны; m - сұйықтың тұтқырлығы; s — сүзбелену ауданы; l - цилиндр пішінді үлгінің биіктігі; p — үлгі кесіктеріндегі қысым айырмашылығы.
  • Бағдарлы өтімділік. Анизотропты ортаның кез-келген берілген бағыттағы өтімділігін сипаттайтын мөлшер.
  • тау жынысытар өтімділігі. Қысым мөлшеріндегі айырмашылықтар салдарынан қозғалыстарға ұшыраған сұйық және газ түйіршіктерін тау жынысытардың өз бойынан өткізу қабілеті; өтімді, нашар өтімді және өтімсіз тау жынысы түрлері белгілі.
  • Жарықшақтық өтімділік. тау жынысы көлемінде жарықтар мен жарықшақтар болуына байланысты, оның өз бойынан сұйық газ массаларын өткізу қабілеті. Жинауыш ролін атқара алатын жарықшақты тау жынысытардың Жарықшақтық өтімділік көрсеткіші олардың түйіраралық өтімділігінен жоғарырақ болып келеді. Солай бола тұрса да, мұнай мен газ массаларының жинауышы рөлін атқаратын тау жынысытар қалындығының Жарықшақтық өтімділік мөлшері онша жоғары емес (ондаған, сирегірек жүздеген миллидарси).
  • Жарықшақтың (жарықтың) өтімділігі. Нақтылы тұтқырлықты иемденген сұйық массасының кысым градиентінің тұрақты жағдайында тау жынысытағы жарықшактың (жарықтың) көлденең қимасының арқылы уақыт бірлігі ішінде ағып өткен мөлшері. Жарықшақтың өтімділігі түсінігі мен "жарықшақтық өтімділік" түсінігін шатастыруға болмайды.
  • Фазалық өтімділік. тау жынысытардың қосфазалы немесе көпфазалы жүйе кеуектеріндегі қозғалыстардың жалғыз ғана фазасына тиесілі өтімділік. Бұл көрсеткіш тау жынысытың физикалық қасиеттеріне, сұйықтар мен газдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, сол сияқты әрбір фазаға қатысты қуыс кеңістіктің қанығу дәрежесіне тәуелді.
  • Тиімді өтімділік. Кеуекті ортада бір немесе бірнеше қозғалыссыз фаза(лар) жанындағы (арасындағы) жалғыз ғана қозғалмалы фазаға тиесілі өтімділік.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}