Геологиялық процестер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық процестер - Жердің құрамын, құрылымын, бедерін және ішкі құрылысын үнемі өзгертіп отыратын процестер жиынтығы. Бүл процестер тарихы жер қыртысының құрамы мен құрылысында немесе жербедер өзгерістерінде сақталған сол процестердің нәтижелерін зерттеу арқылы анықталады; қазіргі өтіп жатқан Геологиялық процестерді жан-жақты зерттеу де маңызды, өйткені өткен кезеңдер мен дәуірлердегі Геологиялық процестердің болмыс-бітімі осы зерттеу нәтижелерімен салыстыра саралау арқылы ұғынылады. Геологиялық процестер: эндогендік процестер және экзогендік процестер болып екі топқа жіктеледі; геологиялық нысандар бұлардың біреуінің ғана немесе екеуінің қосарлана әрекет етуі нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref><ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}