Геологиялық барлау жұмыстары жоспарларының көрсеткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:06, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Геологиялық барлау жұмыстары жоспарларының көрсеткіштері Геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау ұстанымы. Бұл көрсеткіштер екі түрге бөлінеді, олар жоғарғы органдардың бекітуін қажет ететін басты көрсеткіштер және өндірістің ішкі басқаруын және ұйымдастыруын реттеп отыруға керекті есептеу көрсеткіштері. Сөз болып отырған көрсеткіштер бірнеше салалар бойынша жасақталады, олар төмендегідей.

1.Геологиялық барлау жұмыстары бойынша жасақталатын көрсеткіштер:

а)геологиялық тапсырыс көрсеткіштері (мұнай мен газдың жоғарғы органдар бекіткен қорының мөлшері; нақтылы алқаптар бойынша қордың өсімділігі; болжамдық қорды бағалауға қажетті тапсырыстары нақтыланған геологиялық,физикалық т.б. түсірулер мен іздеу жұмыстарының көлемі; мұнай мен газға ең терең бұрғылауға дайындалған құрылымдардың жалпы саны; деген терең бұрғылауға енгізілген алқаптар саны; құрылып біткен ұңғымалардың жалпысаны);

ә) сметалық құны арқылы берілген геологиялық барлау жұмыстарының қөлемі;

б) жылдағы жоспарланған тапсырыстарға сәйкес, өндірістің өз күшімен тамамдалған геологиялық барлау жұмыстарының көлемі.

2. Еңбек көрсеткіштері (еңбекақының жалпылама көлемі).

3. Қаржы көрсеткіштері (қосымша табыс, бюджетке аударылатын төлемдер және бюджеттен алынатын қаржы көлемі).

4. Экономикалық ынталандыру көрсеткіштері.

5. Ұзақмерізімге есептелген құрылыс көрсеткіштері.

6. Жаңа техниканы енгізу көрсеткіштері.

7. Материалдық-техникалық жабдықтау көрсеткіштері.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}