Геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау. Геологиялық барлау өндірісін ұйымдастыру және басқару негіздерін қалайтын ғылыми тұрғыдан дәлелденген ережелер мен тұжырымдар жүйесі. Мұндай тұжырымдардың ең бастыларының бірі жоспарлаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымға сәйкес, мұнай және газ өнеркәсібін дамытуды бір-бірімен сәйкестірілген ұзақ мерізімге, орташа мерізімге және қысқа мерізімге жоспарлау шаралары жүзеге асырылады. Ұзақ мерізімге жоспарлау мұнай мен газ ресурстарын қоғам тарапынан болашақта үнемді пайдалану және жер қойнаулары мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын қалтқысысыз орындау тұжырымдамаларына сәйкес тұрғыдан жер қойнауларын зерттеудің және мұнай мен газ жатындарының мүмкін деген ресурстарын бағалаудың басты-басты бағыттарын таңдап алу шараларын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте шаруашылық құрылымындағы, отын-энергия және шикізат өндістеріндегі мүмкін деген өзгерістер ескеріледі, ғылыми-техникалық прогресс жолдары белгіленіп, оның мұнай мен газға қатысты салаларындағы табыстарын кеңінен пайдалану керектігі есепке алынады. Ұзақ мерізімдік жоспар мұнай мен газ қорларын дайындаудың жалпылама қарқынын көрсете отырып, жұмыс көлемін, мүмкін деген шығындарды және оларды келелі деп есептелген аймақтарға тарату көрсеткіштерін сипаттайды. Орташа мерізімге жоспарлау (мәселен, бес жылдық жоспарлау) ұзақ мерізімдік жоспардың құрам-бөлгі бола отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлаудың ең басты түрі болып табылады. Бүл жоспарлау құжаттарында геологиялық іздеу және барлау жұмыстарының басты-басты бағыттары геологиялық және экономикалық тұрғылардан негізделеді, осы негіздеуге сәйкес әр түрлі аумақтар мен су алаптары түптерінің геологиялық қүрылысын зерттеу және олардың мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін бағалау шаралары жүзеге асырылады, кенорын қорларының В + С1 категориялары бойынша өсімділігін қамтамасыз ету үшін тапсырыстар жасақталады, барша жұмыстардың көлемі, түрлері және әдістері нақты тұрғыдан және олардың құндылығы тұрғысынан анықталады. Қысқа мерізімге жоспарлау (жылдық, жарты жылдықжоспарлау, т.с.с.) орташа мерізімдер ішіндегі жылдық межелерді нақтылай түседі. Олар жаңадан алынған геологиялық деректерге негізделген геологиялық тапсырыстарды әрбір кәсіпорын үшін, әрбір кенорын үшін, тіпті әрбір барлау алаңы үшін жасақтау шараларын көздейді. Геологиялық барлау жұмыстарының нақтылы көлемі және қаржыландыру көздері белгіленеді, өзге де есептеліп шығарылатын және жоғарғы органдар тарапынан бекітілетін көрсеткіштер анықталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}