Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гендерлік оппозиция"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Гендерлік оппозиция - жыныстық негізде қалыптасқан ер, әйел бастауларын бинарлық қатынастарда қарастыру түрі. Әлемде қалыптасқан бірінші мәдени ажыратушылық Гендерлік оппозициядан басталады. Ксенофонт мұны: "Құдай о бастан жыныстарды бөліп жаратты: әйелді бала туу мен үй шаруашылығына, еркекті - нан табуға" деп түсіндіреді. Гендерлік оппозиция табиғи құбылыстарға да қатысты таралған: қытайлық инь және ян бастамалары, көптеген нанымдардағы Айды, Суды, Жерді - әйелдік, ал Күнді, Отты, Жылуды еркектік бастаулар деп есептейді. Еркектік факторлар белсенді, еркін, ырықты деп саналса, әйелдер - енжар, қабылдаушы материяға теңелген. Үнділік ежелгі дін - тан тризмде, керісінше, белсенділік әйелдік бастамаларға тән. Қазіргі кездеГендерлік оппозиция мәселесі феминистік қозғалыстарға байланысты қойылып жүр. Жаңа феминизм осыған дейін үстемдік етіп келген "патриархалдық" мәдениетті, Қүдай-Логостың еркектік билігін тұтасқан адамзат билігімен және Ана-Материяның құндылықтары- мен алмастыру керек дейді. Феминистік қозғалыс әйелді объект ретінде алуға қарсы шығады. Қазіргі көптеген Гендерлік оппозиция негізделген теорияларда әйелдер туралы Фрейдтің "кастрация комплексі" деген ілімі бекерге шығарылады. Жалпы алғанда, Гендерлік оппозиция қазіргі саяси өмірдің күрделі әрі өзекті мәселесіне айналып отыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}