Газконденсатты жатын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Газконденсатты жатын Газдық фазаның құрамында С1, С2, Zv С3 (метан, этан, пропан) көмірсутектерімен қатар еріген күйдегі көмірсутектер (С4 — бутан), тіпті лигориннің және керосиннің құрамына кіретін көмірсутектер бар, қойнауқаттық қысымы өте жоғары (Р>100 атм) газ жатыны. Құрамында ауыр көмірсутектер (бензин фракциясы) болуы мүмкін таза газ жатындарымен және газды тақиялармен салыстырғанда газконденсатты жатын құрамындағы ауыр көмірсутектер қойнауқаттық қысым мөлшері азайған сәтте сұйық күйге айналып кетеді. газконденсатты жатын таза "газконденсатты жатын "және " қосфазалы жатын" болып екіге жіктеледі. Таза газконденсатты жатынның құрамындағы флюид бірфазалы (газды) жағдайда болса, қосфазалы газконденсатты жатын құрамындағы газ массалары азды-көпті мұнай жұрындарын кіріктіреді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}