Гази

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Гази (көпше түрі - газет)

  • «Дін жолындағы соғысқа» қатысушы адам. VII ғасырдың 2-жартысы мен IX ғ-дың 1-жартысында Гази мұсылмандардың жаулап алу жорықтарына қатысты. IX ғ-дың аяғында Хорасандажәне соның солтүстік-шығысына таман әскери табыс арқылы күн көретін және бөтен діндегілер мен «адасқандарға» қарсы соғысуға жиналған кез-келген билеуші мен әскери басшыга өзінің қызметін ұсынатын Гази жасақтары пайда болды Мұндай жасақтардың басшылары ресми ортала танылып, артықшылықтарға ие болып отырды. Алайда, бейбіт кезеңдерде Гази жасақтары бір кезде өздері қызмет көрсеткендерге де қауіп-қатер туғызды. Олар ең бірінші кезекте Халифаттың шығыс аймақтарындағы бірқатар көтерілістерге қатысты. Бұл жасақтар Халифаттың Византияға қарсы соғысында аса зор рөл атқарды. 1200 жылы шамасында ан-Насыр халифатқа қызмет ететін Гази жасақтары ар-намыс пен мінез-ұлықтың айрықша кодексі болып табылатын «футууа» қағидаларына сәйкес қайта құрыла бастады. Онда, атап айтқанда табандылық, уәдеге беріктік, әлсіздерге қамқорлық, ал кейде некеге отырмау мәселелері қамтылды. Гази жоғары ресми мәртебе алды, олардың жасақтары геральдикаға ие болып, патша төңірегіндегі айрықша адамдардың қатарына енді, сосын Гази атағын иеленіп, діни, бауырластықтар ретінде жұмысын жалғастырды. Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде (VIII ғ.)түріктің көшпелі тайпалары Кіші Азияға екінші рет ауа кешті. Сөйтіп, Гази қатары жаңа жауынгерлермен толықты. Төртінші крест жорығынан кейінгі Салжұқ мемлекетінің әлсіреуі және Византия империясының күйреуі шекаралық аймақтардағы билік басындағылардың арасында аласапыран туғызды. Мұның өзі XIII ғ-дың аяғы мен XIX ғ-дың бас кезінде Батыл Анатолийде бірқатар түрік эмираттарының пайда болуына себепкер болды.Ал бұл эмираттардың құрамында Гази едәуір рөл атқарды. Солардың бірі - Осман эмираты кейін аса зор империяға айналды.Осман империясында Гази сұлтан мемлекетіне бағындырылды. XIV ғ. Гранада патшалығындағы едәуір қуатты испандық христиандық мемлекетке қарсы тұрған Гази жалпы күштері әлсірегеніне қарамастан,соғысты одан әрі жалғастыруды жақтады. Сөйтіп, Испаниядағы ең соңғы мұсылман мемлекетінің кұлауына ықпал етті.
  • Мұсылман билеушілері лауазымдарының бір бөлігіне айналған, «дін үшін соғыста» көзге түскендерге берілетін құрметті лауазым. Соңғы рет бұл атақ Сакарья өз-ндегі ұрыста жеңіске жеткені үшін Мұстафа Кемальға(Ататүрікке)берілді. Бұл лауазым Түркияда 1934 жылы жойылған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub