Владимир Николаевич Петров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға


Владимир Николаевич Петров (1927 – 1993) , Лениногорскі (Риддер) қаласының Құрметті азаматы, жазушы.

1934 жылы Володяның ата-анасы Кіші Үлбі су қоймасы құрылысына жөнелтіледі. Оның балалық шағы осы шағын ғана ауылда өтеді. 1941 жылы жеті сыныпты бітірген соң, Алматы байланыс техникумына түседі. Бірақ оқуын жалғастыра алмайды. Соғыс басталады. Әкесі майданға жөнеледі. Он төрт жасар бала курсты тәмамдап, тері цехына токарь болып орналасады. Бірақ Володя оқу оқығысы келеді. Ол тау-кен металлургиялық техникумына құжат жинайды. Алайда, жас бала артиллериялық форма киген балаларды кездестіріп, артиллериялық училищенің Лениногор қаласында филиалы ашылғанын естігенде ойланбастан құжатын сонда тапсырып, қабылданады. Володя екі жыл оқып, кейін Павлодар жазғы мектебіне түседі. Көп кешікпей авиамектепті тәмамдаған жігіт алғаш рет әуеге ұшады. Бұл ұшуы бірінші және соңғы болады. Әуеде апат болып, ол өлім аузынан қалады. Ұзақ уақыт бойы лазаретте емделген соң, ол бомбалаушылар мектебінде оқуға рұқсат алады. 1945 жылы Петров авиамектептің жеделдетілген курсына түседі. Дегенмен, комиссия шешімімен оған ұшуға рұқсат берілмейді. Дала-соғыс училищесін тәмамдаған соң, авиаполкте комсомол ұйымдастырушысы болып қызмет атқарады.

1953 жылы Ленинград жоғары әскери педагогикалық институтының тарих факультетіне түседі. Кейін Харьков қаласында ұстаздық етеді. Владимир Николаевич Қарулы Күштерде 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етеді. Ол он төрт медальмен, КСРО Қорғаныс министрінің грамоталарымен және өзге де әскери белгілермен марапатталған. Запасқа босатылған соң Харьковтағы жазушылар ұйымына басшылық етеді.

Алғаш әңгімесі 1955 жылы жарық көреді. Бірнеше әңгімесі басылып шыққан соң жазушы майданға енді шақырылған жас жауынгерлер туралы повестер циклын жазуды ойластырады. Осылайша оның алғаш повестері пайда болады: "Горечь таежных ягод", "Оранжевый дым", "Дочь Кассиопеи", "Последний январь", "Не ждите позывных". Кейінірек бейбіт күндегі Кеңес Әскері жөніндегі повестері жарияланады: "Точка, с которой виден мир", "Ракетный заслон", "Каленые стрелы". Барлық дерлік шығармалары "Советский воин" журналында, "Молодая гвардия", КСРО Қорғаныс министрінің баспаларынан жарық көріп отырған. Оның алғашқы кітабы - "Шляевская россыпь" 1959 жылы шығып, кейін "Батальон идет в атаку", "Веселый привал", "Верь в свои крылья" повестері, "На скифских курганах" әңгімелер жинағы басылып шығады. Оның көптеген шығармалары өзге тілдерге аударылып, шет елдерде де жарық көрген.

Петров еңбектері өмірлік фактілерден алынған және сонысымен құнды. Ол әскер тақырыбына қалам қозғаған көрнекті жазушылардың бірі. Оның шығармаларының тілі жеңіл. Владимир Николаевич балаларға арналған туындылардың да авторы.

1978 жылы кейін "Единая параллель" тетралогиясына енген "Черемша" романын дүниеге әкеледі. Кейінгі жылдары В.Н.Петров "Хрустальный глобус" деген атпен үш повесть, "Большой блеф" және "Рябиновый свет" романдарын жазады. Оның шығармаларынан – адамның өмірдегі орны, адам құндылығын бағалау мәселелері кеңінен орын алған. 1998 жыл Владимир Николаевич өмірден өтеді.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА