Виктор Пұсырманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Пұсырманов Виктор (20.6.1937 ж.т., Ресей, Астрахань қ.) - режиссер педагог, қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1989). Алматы өнер ин-тын (Қазіргі Қазақ улттық консерваториясы) бітірген (1964). 1967 - 1969ж. Мәскеу қ-ндағы Кіші театрда және "Мосфильм" киностудиясында тәжіребибе жинақтаудан өтті. 1964 - 1964 ж. Қазақ акад. драма театрында реж. болып, З.Шашкиннің "Ақын жүрегі" , Ә.Тәжібаевтың "Халқы туралы аныз" және Н.Хикметтің "Елеусіз қалған есіл ер" спектакльдерін қойды. 1968 - 1976 ж. Қазақ акад. балалар мен жасөспірімдер театрының бас реж. Онда Тәжібаевтың "Қыз бен солдаты" (1967), Т.Ахтановтың "махаббат мұны" (1970), С.Жүнісовтің "Жаралы гүлдері" (1973) мен "Қос анары", Е. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" (ереуі де 1975), Ш.Айтматовтың "Бетпебеті"(1972), т.б. спектакльдерін қойды. 1969 жылдан әҚазақфильм" студиясында қоюшы - реж. ретінде қызмет етіп, көркем фильмдер түсірді: " Ақ аруана" (1972), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1977), "Алатаудың күміс мүйіздері" (1979), "Қауын" (1980), "Жау, тоғызыншы ұлдан сақтап" (1985, Берлин қ-нда өткен Халықтар. кинофестивалілінің дипломына ие болды), "Қайсар" (1991, Ашғабат қ-нда өткен 1-халықар. кинофестивалінің 1-жүлдесіне ие болды), "Әбілхайыр хан" (1993), т.б. 1997 жылдан Қазақ ұллтық өнер академиясында пед. қызметпен айналысады (2002 жылдан проф.)


Дереккөз

Қазақ мәдениеті