Виктор Алексеевич Щербаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:46, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Виктор Алексеевич Щербаков (5.10.1935 жылы туған, Өзбекстан, Қызылқия қаласы) - гримерші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (1975). 1949 жылдан Қазақ академиялық драма театрында еңбек етіп келеді. Арнаулы білім алмаса да, тәжірибесі арқылы осы театр сахнасында қойылған барлық күрделі спектакльдер бейнелерінің гримдерін жасады. Театр группасымен шет елдерде, Қазақстанның қалаларында гастрольдерде болған. Кино саласында да жұмыс істеген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің "Құрмет" грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Анасы - Щербакова Анна Алексеевна (1911-1987).

Білімі - орта, мамандығы - гримдеуші.

1953 жылдан бері - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының гримдеушісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы,доцент.

ҚР Еңбек сіңірген қызметкері.

Діни көзқарасы - православиелі.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық,халықтың тұрмысының жақсаруы, Қазақстандағы мәдениеттің өркендеуі».

Хоббиі - Қазақстанның, Сібірдің тарихи тұлғалары.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Щербакова Гера Георгиевна,дәрігер болған. Ұлдары - Щербаков Евгений Викторович (1961 жылы туған), ІІМ полковнигі; Щербаков Андрөй Викторович(1963 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}