Вера Павловна Строева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Вера Павловна Строева (21.9. 1903, Киев қ. - 27.8.1992, Мәскеу қ.) - кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944), Ресей халық артисі (1973). Киев театр өнері институтының актерлік бөлімінде оқыды. Кинодағы шығарм. жолын сценарий жазудан (1925) бастады. 1930 жылдан режиссурамен шұғылданды. Төңкеріс тақырыбын қозғайтын "Жеңімпаздар үрпағы" (1936), "Ресей жүрегі" (1971) фильмін қойды. Ол режиссер Г.Л.Рошальмен бірлесіп Ф.М. Достоевскийдің, Ф.И. Панферовтың шығармаларын, сондай-ак, М.П. Мусоргскийдің "Борис Годунов" пен "Хованщина" операсын экрандады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Алматы қаласында болып, "Алып туралы ән" мен "Жауынгер ұлы" (1942) фильмін коюға қатысты. Строева пьесалар мен сценарийлер жазған. "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}