Вениамин Моисеевич Кельман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вениамин Моисеевич Кельман (7.2.1915 жылы туған, Украина, Киев қаласы) – физика-математика ғылымының докторы (1949), профессор (1953), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).

  • 1937 жылы Киев мемлекеттік университетін бітірген.
  • 1937–41 жылдары Украина ғылым академиясының Харьков қаласындағы Физика-техникалық институтында аға ғылыми қызметкер болды.
  • 1941-1945 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
  • 1945–62 жылдары КСРО ҒА-ның Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Физика-техника институтында,
  • 1962–87 жылдары Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер (1987–92) болып жұмыс істеді.
  • 1992 жылдан АҚШ-та тұрады.

Негізгі ғылыми еңбектері электрондық және иондық оптика саласына және ажыратқыштық шамасы жоғары бета- және масс-спектрометрлер жасауға арналған. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вениамин Моисеевич Кельман|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}