Велорий Викторович Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Велорий Викторович Пак - 1951 жылы 26 мамырда Қызылорда қаласында туған. Корей.

Әкесі - Пак Виктор Михайлович, марқұм. Анасы - Тен Лилия Петровна, зейнеткер.

Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1973), ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы-оқытушы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (2005 жылдан).

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Еңбек жолы

  • 1973 жылдың шілде айынан - Қызылорда қаласының 113-МКТУ дене тәрбиесі жөніндегі жетекшісі. 1974 жылдың қараша айынан - «Еңбек резервтері» БЕСҚ Қызылорда облыстық кеңесі төрағасының орынбасары. 1984 жылдан - Қызылорда облыстық БЖСМ оқу бөлімінің меңгерушісі.
  • 1987 жылдан - Қызылорда облыстық ауыр атлетикадан аға жаттықтырушы. 2001 жылдан - ҚР жасөспірімдер құрама командасының ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы.
  • 2005 жылдың қаңтар айынан бері - ҚР ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушысы.

Жетістіктері

«Құрмет» (2005), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.

Ауыр атлетикадан Қаз КСР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшысы. Ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері (1971). КСРО дене шынықтыру жәнө спорт саласының озаты (1983). Қызылорда облысы Сырым ауданының (2005), Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2008). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2005).

Ауыр атлетикадан XXIX Олимпиада ойындарының чемпионы (Пекин, 2008) И. Ильинді; әлем чемпионаттарының жүлдегері (2005, 2006, 2007) Р. Русеновскийді; Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006) К. Рахановты; Азия чемпионы (2008) А. Өтешевті; Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Орталық Азия ойындарының чемпионы әрі рекордшысы Шин Олегті; ТМД Спартакиадасының қола жүлдегері Радаев Сергейді және басқаларды тәрбиелеген.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бай, тұрақты, демократиялық ел».

Үйленген. Жұбайы - Ким Татьяна Сергеевна (1949 жылы туған), зейнеткер. Ұлы - Пак Александр (1974 жылы туған), дәрігер; қызы - Пак Марина (1978 жылы туған), экономист.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub