Василий Ефимович Скоробогатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Василий Ефимович Скоробогатов (14.4.1921 ж.т., Ақтөбе облысы Александровка а.) - жазушы. Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, мектепте мұғалім, аудандық газетте жауапты хатшы болып жұмыс істеген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1955 ж. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің журналистика факультетін бітіріп, облыстық "Актюбинская правда", "Ленинское знамя" (Петропавловск), республикалық "Казахстанская правда" газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1968 - 85 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекет к-ті төрағасының бірінші орынбасары болды. Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, екі рет "Қүрмет белгісі", "Халықтар достығы" (1981) орденімен, екі рет Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}