Валентин Сергеевич Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Валентин Сергеевич Пак 1948 жылы 18 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының «Приморский партизан» ұжымшарында туған. Корей. Әкесі - Пак Сергей Дмитриевич, марқұм, еңбек ардагері. Анасы - Шегай Мария Карповна, марқұм, еңбек ардагері. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітірген (1977), дәріскер, оркестр әртісі. Орыс, қазақ және корей тілдерін біледі. 1971 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік ән және би ансамблінің оркестр әртісі. 1977 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің директор-басқарушысы. 1986 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары. 1987 жылдан - Қазақстан Музыка қайраткерлері одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - ҚР Мәдениет министрлігінің бас маманы. 1996 жылдан - ҚР Үкіметі Аппаратының аға референті. 1997 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік операжәне балет театры бас директорының бірінші орынбасары. «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туған күніне 100 жыл толуы құрметіне» (1970), «Ерен еңбегі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған, гүлденген Қазақстан». Хоббиі - спорт, монша. Сүйіп оқитын әдебиеті - әлемдік және қазақ классикасы. Үйленген. Жұбайы - Кәрімова Рауфа Түрысбекқызы (1948 ж. т.), зейнеткер. Қыздары - Венера (1973 ж. т.), Элеонора (1984 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub