Валентин Петрович Кузьмин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Валентин Петрович Кузьмин (5.12.1893, Самара губерниясы Антоновка селосы — 8.5.1973, Целиноград, қазіргі Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кенті) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1962), Социалистік Еңбек Ері (1962). Қазақстанда 1935 жылдан Комаровск МТС-інде (Көкшетау облысы) тұқым өсіруші агроном, Шортанды тәжірибе станциясында (қазіргі Ақмола облысы) селекция бөлімінің меңгерушісі (1936–52), Бүкілодақтық астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі (1957–65), сонда ғылыми кеңесші (1965–73) болды.

Негізгі ғылыми еңбектері егіс дақылдары селекциясы, өсімдік өсіру мәселелеріне арналған. Кузьмин Моңғолияның мәдени өсімдіктеріне сипаттама берді; тағамдық дақылдардың Қазақстан жағдайына лайық 40-тан аса сортын шығарды; сондай-ақ қуаңшылық аймақтардағы дақылдардың селекциялық бағытын және тәсілдерін (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1952) зерттеді. Ленин және 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub