Бөрқұлақов Талант Әмитжанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөрқұлақов Талант Әмитжанұлы (5.5.1947, Қазалы ауданы – 7.4.1989) – әскери қызметкер, 1-рангалы капитан. Әкесі Әмитжан Сыр өңіріне белгілі жыршы, термеші болған адам Бөрқұлақов адмирал Нахимов атындағы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) әскери-теңіз училищесін, әскери-теңіз академиясын бітірген Ресейдің солтүстік флотындағы атом сүңгуір кемелер құрамасында саяси істер басқармасының бастығы қызметін атқарған. Әскери тапсырманы орындау кезінде Норвегия жағалауындағы Медвежий аралында қаза тапты. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Әйтеке би кентінде Бөрқұлақов атына көше беріл генерал Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық мұражайда оған арнап бұрыш ашылған. БӨРІБАЙ БАТЫР (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөрқұлақов Талант Әмитжанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}