Бөлік жүргізу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөлік жүргізу — көшпелі ортада көбінесе ру-қауым (рулық) территориясындағы жайылымдық пен шабындық жерлерді және су көздерін біраталардың арасында болу жосыны. Бөлік жүргізу руаралық деңгейде де атқарылып отырған. Орыстың отаршылдық жүйесі орнағанға дейінгі кезеңде қазақы ортада жер дауы сирек кездесетін құбылыс еді. XIX ғасырдың екінші жартысында патшалық режим жүргізген әкімшілік-саяси реформалар және қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі деп жариялануының салдары - орыс келімсектерінің қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін зорлықпен иемденуі қазақы ортадағы жер мәселесін ұшықтырып жіберді. Жер тапшылығы, тіпті, бір рудың ішіндегі ағайынды отбасылардың - біраталардың арасына да жік түсірді. Осыған байланысты туындаған дау-дамайды ақсақалдар кеңесі немесе билер сотының шешімімен бөлік жүргізу арқылы реттеп отырды. Кейде бұл мәселе рудағы беделді адамның арағайындық төрелігімен де шешімін тауып отырды. Бөлік жүргізгенде бақталасқан адамдардың жерге байланысты мұрагерлік құқығы нақты айғақтар негізінде жан-жақты зерттелініп, қатаң ескерілді. Осыған орай, көрнекі мысал ретінде ұлы Абайдың Тобықты тайпасының бір тармағы Мамай руының Жамантай мен Көжекбай дейтін ағайынды екі адамының арасындағы әкелері Жамантайдан мұраға қалған жерге таласын бөлік жүргізу тәсілімен шешкендігін айтуға болады. Байып алып, өктемдікке басқан қарау ойлы айла-шарғысына дес бермеген Абай әлгі ағайынды адамдардың әрқайсысына әкесі Жамантайдың көзі тірісінде бөліп берген жерлердің бұрынғы омақасын (межесін) тауып алып, сол омақа-меже бойынша бөлік жүргізіпті. Сөйтіп, ағайынды адамдардың арасындагы бүкіл ел-жұртты мазалаған жер дауын күллі ру адамдары риза болғандай әділ шешіп берген екен деседі. Бөлік жүргізу көшпелі ортадагы жер мәселесін шешудің ілкімді тәсілі - институтгарының бірі болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлік жүргізу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}