Бөлекей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:58, 2011 ж. маусымның 23 кезіндегі Bakhytbek (Талқылауы) істеген түзету

Бөлекей (туған жылы Белгісіз – 1808) – сұлтан, Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның немересі, Ералының баласы. Сырдарияның төменгі ағысы мен Ырғыз өзені бойын мекендеген шөмекей руының 4 мыңға жуық отбасы, сондай-ақ, Жаңадария өзені жағалауындағы қарақалпақтар Бөлекейдің қол астында болған. Ол 1770 жылы Қайып ханның ұлы Жаһангер (Жәңгір) Хиуа тағынан тайдырылған соң, жергілікті ықпалды топтың қолдауымен оның орнына отырды. Бірақ бір айдан кейін әмір Мұхаммед Әминнің тегеурінімен Хиуадан қуылып, әкесі Ералыға жіберілді. 1780 жылы Бұхар әмірінің қолдауымен шөмекей руының және қарақалпақтардың басым бөлігінің ханы болып сайланды. Ол өзінің билігі кезінде орыс шекаралық өкіметімен байланыс жасамауға тырысты. Бөлекейдің 4 ұлы болған. Олардың ішінде Қасым мен Сауқым мұрагерлік жолмен хан сайланған. Бөлекейдің қызы Хиуа ханы Елтүзер Мұхаммедке ұзатылған.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлекей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}