Бөлекей
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөлекей(т.ж.б. – 1808) - сұлтан, Кіші жүз ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Ералының баласы. Сырдарияның төм. ағысы мен Ырғыз өз. бойын мекендеген шөмекей руының 4 мыңға жуық отбасы, сондай-ақ, Жаңадария өз. жағалауындағы қарақалпақтар Б-дің қол астында болған. Ол 1770 ж. Қайып ханның ұлы Жаїангер (Жәңгір) Хиуа тағынан тайдырылған соң, жергілікті ықпалды топтың қолдауымен оның орнына отырды. Бірақ бір айдан кейін әмір Мұхаммед Әмин\Мұхаммед Әминнің тегеурінімен Б. Хиуадан қуылып, әкесі Ералыға жіберілген. 1780 ж. Бұхар әмірінің қолдауымен шөмекей руының және қарақалпақтардың басым бөлігінің ханы болып сайланды. Ол өзінің билігі кезінде орыс шекаралық өкіметімен байланыс жасамауға тырысқан. Б-дің 4 ұлы болған. Олардың ішінде Қасым мен Сауқым мұрагерлік жолмен хан сайланған. Б-дің қызы Хиуа ханы Елтүзер Мұхаммедке ұзатылған.
Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлекей|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}