Бөлекеев Қасым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөлекеев Қасым(туған жылы белгісіз — 1827) — сұлтан, Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қазақтардың ханы (1809 — 27). Ералы ханның немересі, Бөлекейдің баласы. Бөлекеевтің қол астында 7 мың отбасын құрайтын Кіші жүздің шөмекей руының қазақтары болған.Бөлекеев Бұхар және Хиуа хандықтарының билеушілеріне белгілі дәрежеде бағынышты болды. Оның хан болып сайлануына Бұхар әмірі Хайдар мен Хиуа ханы Мұхаммед Рахым қолдаушылық көрсеткен.Бөлекеев Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізді. Қоқандықтармен болған шайқас кезінде қаза тапқан. Бөлекеевтің ұлдарының ішінде әйгілісі — Ермұхаммед (Елекей). Ол 1845 жылы хан сайланған.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлекеев Қасым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}