Бөкенбай Қараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөкенбай Қараұлы (туған жылы белгісіз — 1741) — батыр, қолбасы.Кіші жүздің табын руынан. Жастайынан өзінің ағаларымен бірге жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске шығып, ерлігімен көзге түсті. 18 ғасырдың бас кезінде табын руына рубасы болып сайланды. 1710 жылы Қарақұмдағы халық құрылтайына қатысып, онда жауға тегеурінді соққы беру үшін бытыраңқы қазақ жасақтарын біріктіру жөнінде ұсыныс білдірді. Жоңғарлармен күресте Әбілқайыр ханмен бірге болып, қазақ жасақтарының үлкен бір тобына қолбасылық жасады. 1726 жылы Әбілқайырдың Еділ қалмақтарына жасаған жорығына қатысты. Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы қол астына өтуін қолдады. 1731 жылы қазанда Ресей бодандығын мойындайтындығы жөнінде ант берді. Ол мұндай антты 1740 ж. тамызда Ор бекінісінде екінші рет қайталады. Ресей патшайымы Анна Иоанновна Бөкенбайға күміспен өрнектелген қылышты арнайы сый ретінде жіберген. Бөкенбай 1741 жылы 500 адамнан тұратын жасақпен түрікмендерге жорық ұйымдастырды. Ол осы жорық кезінде түрікмендермен болған шайқаста қаза тапқан. Қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы қыраттың бірін халық Бөкенбайдың құрметіне “Бөкенбай шоқысы” деп атап кеткен.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөкенбай Қараұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}