Бөкейханов Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөкейханов Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы(15.4. 1896, Бөкей ордасы, Шонай ауылы — 25.2.1938, Алматы облысы, Талғар ауданы Жаңалық ауылы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Бөкей ханның ұрпағы. Белгілі күйші М. Бөкейхановтың інісі. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан ашқан мектепті, Орал әскери училищесін (1917), Ауыл шаруашылығы академиясын (Мәскеу, 1922 — 25) бітірген. Бөкейханов 1918 жылы Бөкей ордасы атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1-қазақ атты әскер полкін құруға тікелей қатысты. 1919 жылы Қазревком мүшесі ретінде Кеңес өкіметі жағына тарту мақсатында Алашорда жетекшілерімен келіссөз жүргізді. Қазревкомның ұлттық кадрларды іріктеп, қызметке тағайындау комиссиясының мүшесі бола жүріп, көптеген Алаш қозғалысы қайраткерлерін ОАК мен ХКК-ндегі жауапты қызметтерге тағайындауға көмегін тигізді. 1920 жылы БОАК-де Қазревком өкілі болды. 6-, 7- және 10-Бүкілресейлік Кеңестер съезіне, сондай-ақ, Коминтерннің 4-конгресіне қатысты. 1921 — 22 жылы Семей губуберния атқару комитетінің және Семей мен Ақмола губернияларының Ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы. 1925 — 32 жылы Жер халкомының алқа мүшесі, Қарақалпақ атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ мақта комитеті төрағасының орынбасары, 1933 — 37 жылы КСРО мақта-трактор орталығы тресінің өкілі, Оңтүстік Қазақстан облысының Жер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталған. Бөкейханов дәстүрлі халық мәдениетінің қамқоршысы болған. А.В. Затаевичке қазақтың “Шалқыма”, “Қос алқа”, “Мерген”, “Соқыр Есжан” күйлерін, “Екі жирен”, “Атырау”, “Қарашаш”, т.б. жалпы саны 27 әнін жаздырып, Дәулеткерей, Салауаткерей және өзі тәрбиесін көрген Әлікей, Макар сынды халық композиторлары туралы құнды деректер берген.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөкейханов Ғабдол Хакім Нұрмұхамедұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}