Бөгіре

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бөгіре - ұстауға ыңғайлы, сәнді келген кішкене қолсандық. Мұндай сандықшаға әйелдер айна, тарақ, моншақ, алқа, жүзік сынды әшекей заттарын, сондай-ақ опа-далаптарын салып сақтайды. Ал Бөгіренің үлкендеуіне мыжылып қалмас үшін бөрік, тақия сынды заттарды да салып қояды.

ҚР MOM қорындағы бөгіре ағаш тақтайшалардан қиюластырып жасалып, сыртына ою бастырылған қоңыр түсті терімен қапталған. Бұрыштары темірмен қапталып, қақпағының ортасына, жиектеріне құйма шытыралар айнала қондырылған. Қақпақ топсаларының бастырмасы үш өрімнен өрілген қайыстан, өткізетін бауы өріліп шашақталған бүлдіргіден жасалган. Оның ұзындығы 31 см, ені 17,5 см, биіктігі 12 см. Табанының төрт бұрышына дөңес өкшелік таған қағылған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөгіре|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}