Бәрімізді теңгерген заң (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:02, 2016 ж. тамыздың 13 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

«Бәрімізді теңгерген заң» («Закон, по которому все равны»), жазушының мақаласы. 1950 ж. «Литературная газетаның» 4 наурыздағы санында шыққан. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттар сайлауға байланысты жазылған. Әуезов Жамбылмен кездескенде, қарт ақынның бұрынғы елубасы, старшын, болыс сайлағанда билік байлардың қолында болып, халықтың әсері аз болғанын, Абайдың болыс сайлауына қатысты әлеуметтік сыры терең өлеңдері бар екенін айтқан. Болыс сайлаудың өткізілу тәртібі, шар салу жоддары, кара, ақ түстерге боялған жәшік жайында қызықты мәліметтер келтірген. Ресей әкімшілігінің шенеуніктеріне берілетін «сый - сияпат», пара, шар салушылардың көңілін аулау үшін шашылатын мал, мағынасыз ысырап жайын¬да баяндалған. Керісінше, 4 жыл бұрын Ұзынағаш ауылына сайлауға барғанын, сайлаудың халық мерекесі сияқты еткенін, кеңестік сайлаудың нағыз халықтық сипатта екенін әңгіме еткен. Депутаттыққа ұсынылған Қ. Қуанышбаев, Н. Базанова, М. Ғабдуллин т. б. кандидаттардын тегіне, мамандығына, еңбектегі табыстарына қатысты марапат сөздер айтқан. Түркиядағы жағдайды мысалға алып, капиталистік құрылысты, ондағы халық тұрмысын, сайлау жолдарын сынаған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәрімізді теңгерген заң (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}