Бәкі би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:16, 2017 ж. сәуірдің 21 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бәкі Басарұлыдың өмірбаяны

'Бәкі Басарұлы (1807, Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылы - 1861) - би, шешен. Әкесі – Басар би, атасы – Тілеке батыр. Бәкі би ауыл молдасынан хат танып, 1819 жылы Омбыдағы бұратаналар мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, ел билеу жұмысына араласады. Бәсентиін руының төбе биі Қазанғап Сатыбалдыұлы өне бойы өзінің алғыр әрі шешен інісі Бәкіні жастай жанына ертіп жүреді. Бәкі би қазақша әрі орысша жүйрік, жан-жақты білімі бар, зиялы адам болған. 1824 - 26 жылдары айдабол руының төбе биі Шоң Едігеұлы, бәсентиіннен Қазанғап пен Бәкі би, қаржастың төбе биі Шорман Күшікұлы, қуандық және қанжығалы руларының жетекші билері бас қосып, Қарқаралы округінен дербес дуан ашып, дуан орталығын Баянауылдан салу, аға сұлтанды ақсүйек емес, қарадан сайлау жөнінде ортақ пікірге келеді. Бәкі би әрдайым адамгершілікті, береке-бірлікті, татулықты жоғары ұстаған.

Бәкі Басарұлы туралы аңыздар

Бәкі Басарұлы туралы аңыз

... Шопай деген кедей Ертістің Қаратоғайдағы бір айрығы - Өзденбайдын жағасына қос тігіп, қармақ, таспамен балық аулап, үй-ішін асырап жүреді екен. Бір күні қасында сегіз-тоғыз жасар баласы бар Шопайға Матвеев бастаған Қиыктың (қазіргі Лебяжье) атты қарашекпені кездесіп:

- Сен неге бұл судан балық аулайсың? Су да, судың балығы да - біздікі, - деп әкіреңдеп тиіседі.

Атамекен қонысымыз болған сон күнкөрістің қамымен аулап едім... дегеніне қарамастан, Шопайды сабап-сабап, арқанмен бір терекке байлап тастапты. Тіккен қосын бұзып, таспа, қармақтарын балталаған.

Бұл екі арада Шопайдың баласы жүгірген бойы ауыл адамдарына айтып, олар Бәкіге естіртіп үлгірсе керек. Бәкең жанында кісілері бар, атпен шауып келсе, қайыққа мінген алты орыс қарашекпен жағадан алыстап кетіп барады екен. "Ай, Матвеев-ай, қолыма түспей кеттің-ау! Сен алтауынды айдатпасам, Бәкі атым құрысын!" - деп ызадан, намыстан өзегі өртене жаздап, серт берген екен. Көп ұзамай әуелі дуанға, кейін корпусқа шағым жасап, істерін қаратып, әлгі алтауын жер аудартып жіберген екен.

Ал байғұс Шопайды байлаған жас Терек кейін бойлап өсіп, Қаратоғайдың бір босағасындай қиядан көзге шалынатын үлкен терек болады. Мал қоралайтын іңір арасында төбеге шығып, жан-жақка қарап тұрғанда, әкелеріміз: "Анау, Қаратоғайдын щетіне қарай оқшауырақ тұрған, көзге қомақты көрінетін терек", - деп осы әңгімені айтушы еді.

Жуықта жол түсіп Кеңтүбекке (Бәкінің ауылы) барғанымызда, Қаратоғайға зер сала қарап едік, "Шопай байланған теректің" жапырағы жайқала көгеріп, әділет туындай желбіреп әлі тұр екен.

Бәкі Басарұлы туралы аңыз

...Козлов Николай әскери офицердің баласы, көшіп келген "переселенец" жер ауып, тоғай-суды меншіктенеді. Тоғайдан рұқсатсыз бір тал алса, не жеріне мал тұяғы түссе айып төлетіп, "жуасты жүндей түткен" - деседі.

Бір күні Козлов жиектегі отыз үйлі кедей ауылға келеді. Бұл ішер асқа, киер киімге жарымай, жадағай-жадау отырған жарлы-жақыбайлардың ауылы болатұғын. Козловтың көзі бұл ауылға көптен түсіп, қалайда колға түсіріп, кіріптар ғып ұстаудың амалын іздеуде еді. Бұл жолы сол сапармен арнайы сауда-саттық жасай келіп, әкелген дүние-бұйымдарын ауылдың бір шетінен көрсете бастайды. Ауылдағы "қолы кысқаларға" не қат-зәру екенін жақсы білетін әккі күнкөріске қажет ұн, шай, матадан бастап, бұрын көрмеген таңсық бұйымдарға шейін (кәмпит, айна, иісмай секілді заттар) мол ғып әкелген.

Ақшалары бомаса да кедейлер алғысы кеп, бұйымдарды қайта-қайта қолға ұстап, әсіресе, қыздар, жас әйелдер жағы ұнатқан дүниелерін ала алмай шарасыздықтан жыларман болып тұрғанда ұрымтал кезді пайдаланып, жырынды Козлов "кеңпейілділік" танытты:

- Жарайды әрқайсың үш сомның дүниесін алыңдар. Кейін боқырауда үш сомның орнына (нарық бойынша) бір бұзау бересіңдер, - дейді. Дүние- бұйымға аңсары ауып, алды-артын ойлауға мұршасы болмай тұрған қазақтарга "кейін берерсіндер" деген сөз әсер етті. Кедейліктің шырмауынан шыға алмай, дүниеге ділгір болып отырған халық көзжұмбайлыққа салды, жапатармағай әр үй үш сомның дүниесін ала бастады. Бас-аяғы ет пісірім уақыттың шамасында кірбең жүздерге қан жүгіріп, қамкөңіл тіршілікте отырған ауылға жан біткендей болды. Козловка да риза болып: "Мекалай - орыс та болса кең қолтық екен" - десті.

Қуаныш ұзағынан болмады. Қарашаның қара суығындай болып ауылға бір күні Козлов келіп, бұзауларын сұрады. Бұзау жоқ, күнкөріске ұсталынып кеткен. "Жарайды, уақасы жоқ, келер жылы қүнаншығар алармын", - деп жайбарақат Козлов кетті. Оның ойы тегіннен тегін жыл бойы асыратып, отыз бұзауды қүнаншығар қылып, ірілетіп алу.

Мерзімді уақытта Козлов келсе, қүнаншығарлар жок. Бұзау болмаган үйде күнаншығар болушы ма еді. "Келесі жылы дөнен өгіз аламын" деп бұл жолы көзін ал айтып кетті.

Айтқан уақытында Козлов жанына Қиықтың қаруланған бес-алты қазақ - орысын ертіп келді. Дөнен өгіздердің жоқ екенін көрген Козлов ойланбастан әр үйдің бір-бір сиырын жинап ала бастады. Ауыл адамдары алты шақырым жердегі Қаратоғайдагы Бәкіге хабар айтып, шапқыншы жібереді. Бәкі жанына оншақты адам ертіп жетіп келсе, сиырларды жинап болып қалған екен.

- Әр үйден алашақ үш сомынды ал, алмасаң сиырың да жок, үш сомың да жоқ. Жалғыз сиырдан айрылып, жұрт аштан қырыла алмайды! - деп Бәкен шешім айтса, Козлов көнбейді. Көндіре алмаған соң, басқа амалы таусылған қазақтар Козловтын тобын сойылдап-сойылдап, Ертіс асырып тастайды.

Бұл істің арты үлкен дау болып, үш-төрт жылға созылып,ақыры Бәкеннің пайдасына шешіледі. Бірақ көп ұзамай бұрыннан осындай істерде жеңiстiк бермей жүрген Бәкіге әбден өшіккен саудагер "карашекпендер" аңдып жүріп, ақыры қонақта отырғанда у беріп өлтіреді (Бәкінін атқосшысы болған, руы Тілмембет Сәмді ақсақалдың әңгімесінен).

Арғымағы орға жығылып, ақсұңқары қолдан ұшқан ел де у ішкендей болды. Үш күн азатұтып, аяулысын, арқа сүйер ардақтысың арулап, Жер-ананын қойнына берді. Қаралы, Кеңтүбек қан жылап, Жәмила айтқан жоқтауға қосылды:

Аңдыған дұшпан көп еді,
Дұшпанға қылығы көп еді.
Жалғызын алмай аузына,
"Қайран бір елім" деп еді...

Жарлы-жақыбайдың қорғаны болған, топырағың торқа болдыр Бәкі би де дүниеден осылай өткен екен.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәкі би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}