Бәйсейіт Төлесұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:17, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бәйсейіт Төлесұлыжоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Ұлы жүз Албан тайпасынан шыққан. Жетісу аймағын жоңғарлардан азат етуде әйгілі Райымбек батыр Түкеұлымен, інісі Биеке, Бексейіт (Құсық) батырлармен бірге болып, ержүректілігімен көзге түскен. Жау қолына түсіп, інісі Биекенің және Сәлбен батырдың көмегімен босап шығады. Көпшілік деректерде, ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Бәйсейіттің нағашысы – Ұлы жүздегі дулаттың биі Қараби делінеді. Ол әйгілі батыр Шақшақұлы Жәнібекке батасын берген аузы дуалы би. Бәйсейіттің батырлығымен бірге емшілік қасиеті бар әулие адам болғандығы айтылады. Қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жерінде қайтыс болған. Ол жер осы уақытқа дейін “Бәйсейіт” деп аталады. 1998 ж. туған жері Райымбек ауданындағы Жамбыл ауылында батырдың туғанының 300 жылдығы атап өтіліп, ескерткіш орнатылды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәйсейіт Төлесұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}